09.30.2020

Отокар, Арма 8х8 көлігімен ХЕМУС 2020-да

Шетелдерде Түрік қорғаныс өнеркәсібін ойдағыдай ұсынған Отокар, 30 Қыркүйек пен 3 Қазан аралығында Болгария-ның Пловдив қаласында өткен Қорғаныс, Анти-Терроризм және Қауіпсіздік Жәрмеңкесінде ХЕМУС (HEMUS) 2020-да көрмесінде өзінің АРМА 8х8 брондалған жауынгерлік көлігін (машинасын) көрмеге шығарып, ұсынады.

Түркияның жалғыз ұлттық әскери көлік өндірушісі болып табылатын, Коч Тобы компанияларының бірі болып аталатын Отокар, Түрік қорғаныс өнеркәсібін шетелде сәтті, табысты ұсынуды жалғастыруда. Инженерлік, жобалық және сынау қабілеттерімен және өндірістік тәжірибесімен күн сайын әлемдік қорғаныс өнеркәсібі секторында өз позициясын нығайтатын Отокар, Болгария-ның Пловдив қаласында өтетін ХЕМУС (HEMUS) 2020 Жәрмеңкесінде АРМА 8х8 Брондалған Жауынгерлік Машинасы МЫЗРАК-30 мұнара жүйесімен көрмеге шығарылады.

Отокар Бас Менеджері Сердар Гөргүч Отокар-дың әлемдік қорғаныс өнеркәсібіндегі позициясын күннен-күнге нығайтып келе жатқанын атап өтіп былай деді; «Біздің әскери машиналар саласындағы 30 жылдан астам тәжірибемізбен біз өз қолданушыларымыздың күтулері мен  қажеттіліктерін ең жақсы жолмен талдаймыз; біздің инженерлік мүмкіндіктерімізбен және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарымен біз осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әскери машиналар дамытып, жасап шығарамыз. Зияткерлік меншік құқығы бізге тиесілі әскери машиналарымызбен, біз күн сайын әлемнің әр түкпірінде жаңа экспорттық жетістіктерге қол жеткізіп жатырмыз. Біздің 32 мыңнан астам көліктеріміз (машиналарымыз), 35-ден астам елде жұмыс істейді. Отокар ретінде Біз Болгария Қарулы Күштерінің қажеттіліктерін қанағаттандырғымыз келеді және аймақ қажеттіліктеріне сәйкес туындауы мүмкін жұмыс (бизнес) ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалағымыз келеді. ХЕМУС (HEMUS) осы мағынада біз үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.»
 
МОДУЛЬДІК БРОНДАЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛIК КӨЛІГІ:  АРМА 8X8
Жоғары қозғалыс қабілеті, жоғары мина, баллистикалық қорғаудың жоғары ерекшеліктеріне, сондай-ақ орта және жоғары калибрлі қару-жарақ жүйесінің интеграциялық опцияларына ие болған АРМА, ең қиын жерлерде және климаттық жағдайларда, бейбітшілік пен гуманитарлық операцияларда қызмет етеді. Сондай-ақ амфибиялық опциямен қол жетімді АРМА 8x8; бұл әсіресе жоғары жауынгерлік салмағымен және үлкен ішкі көлеміне қатысты назар аударылады. Бронетранспортер, Брондалған Жауынгерлiк Машинасы, Миномет Машинасы, Төмен және Орта Биіктіктегі Әуеден Қорғаныс Құралы, Инженерлік Көлік Құралы, Брондалған Құтқарушы, Басқару және Бақылау Көлік Құралы сияқты әртүрлі тапсырмаларға, миссияларға қатыса алатын Отокар АРМА, Бұл 7,62 мм-ден 105 мм-ге дейінгі әртүрлі қару жүйелерімен қолдануға болады. АРМА, қажеттілікке сәйкес әртүрлі қару-жарақ пен мұнара жүйелерімен жабдықталуы мүмкін болып табылады.