06.06.2021

Otokar Central Asia

Otokar Central Asia басқарма мүшесі Уфук Айбар Нұр-Сұлтан қаласында Otokar Central Asia компаниясының ашылуы барлығына тиімді екенін жеткізді.
 
Бүгінгі күні Otokar компаниясы азаматтық автокөліктер мен әскери техниканың әлемдегі жетекші өндірушісі болып табылады. Компанияның өнімдері 5 құрлықтағы 60-тан астам елде сәтті қолданылуда. 33 мыңға жуық Otokar жауынгерлік машиналары әлемнің 35-тен астам елдерінде белсенді қолданылуда.
 
Қазақстанға дейін Otokar компаниясының өкілдіктері тек Францияда, Румынияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде ашылған.
 
Otokar Central Asia компаниясы 2019 жылы құрылды. Koç Holding директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы және Otokar басқарма төрағасы Али Я. Коч, Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнен Otokar Central Asia құрылғаны туралы куәлік алды.
Бас офисі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Otokar Central Asia компаниясының мақсаты - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімді локализациялау және шығару, сонымен қатар өндірістік кәсіпорын құру және жұмыс орындарын ұсыну арқылы ел экономикасы дамуына үлес қосу.
 
Неліктен Қазақстан?
Себебі Қазақстанның Қарулы күштері аймақтағы жетекші армиялардың бірі болып саналады. Өнімді таңдай білетін кәсіби басшылығы бар қазақстандық армияға қызмет ету біз үшін үлкен мақтаныш.
 
Сонымен қатар, Қазақстан әлемдегі жетекші 30 экономиканың қатарына кіруге ұмтылған, инвестициялық мүмкіндіктері тартымды мемлекет.