11.28.2019

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Отокар Орталық Азияның Құрылуы Туралы Куәлікті Ali Y. Koç Тапсырды.

Коч Тобы компанияларынан  Отокар, әлемдік брендке айналуды мақсат етілуімен, шетелдік еншілес компаниялар қатарына Қазақстанда құрылған Отокар Орталық Азия-ны да қосты. Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Отокар Орталық Азия-ның құрылуы туралы куәлікті Koч Холдингі - Otoкар Директорлар Кеңесі Төрағасының Орынбасары және Басқарма Төрағасы  Ali Y. Koç тапсырды.

Біздің елдегі автомобиль және қорғаныс өнеркәсібінің жетекші компаниясы Отокар шетелдерде өзінің қатысуын нығайтуды жалғастыруда. Зияткерлік меншік құқығымен өз өнімдерін 5 құрлықтағы 60-тан астам елге экспорттайтын Отокар, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері және Румыниядан кейін ол Қазақстанда да компания құрды. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, жаңадан құрылған «Otokar Central Asia» құрылтай сертификатын Koч Холдингі - Otoкар  Директорлар Кеңесі Төрағасының Орынбасары және Otokar Директорлар Кеңесінің Төрағасы Ali Y. Koç тапсырды.

Отокар,  Қазақстанда Нұр-Сұлтандағы Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрылған, өзінің жаңа халықаралық компаниясы «Otokar Central Asia Limited» атаумен аталатын жаңа компаниясымен, өзінің Орталық Азия аймағындағы, әсіресе Қазақстандағы ағымдағы және әлеуетті пайдаланушыларына жақын болуға және аймақтағы сатылымын ұлғайтуға, бағытталған.

Қазіргі уақытта әскери және коммерциялық өнімдері Қазақстанда және Орталық Азия Аймағында белсенді қолданылып жүрген Отокар, өзінің жаңа компаниясымен бірлескен өнімді дамыту, жергілікті іскерлік серіктестіктері, аймақтағы жергілікті өндіріс және технология трансферті сияқты әр түрлі бизнес ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалауды мақсат етеді. Түрік туын әр түрлі географияда мақтанышпен желбірететін Отокар, осы бастамамен еліміздің экспортына үлес қосады.